5–7 сынып қыздары арасында баскетбол жарысы ұйымдастырылды
7
28 апреля 2026
Мектеп лигасы аясында мектептер арасында 5–7 сынып қыздары арасында баскетбол жарысы ұйымдастырылды. Аталған жарыс оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты қалыптастыру мақсатында өтті.
Жарыс барысында қатысушы командалар өзара тартысты ойын көрсетіп, шеберліктері мен ептіліктерін дәлелдей білді. Әр ойын жоғары деңгейде өтіп, жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.
Нәтижесінде мектебіміздің қыздар командасы үздік ойын көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұл — оқушылардың табандылығы мен бірлігінің, сондай-ақ жетекшісінің жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!