Бастауыш білім – сапалы білімнің берік іргетасы
30
09 февраля 2026
2025-2026 оқу жылындағы қаңтар айының 26.01-06.02.2026 жыл аралығында «Бастауыш-білімнің алтын бесігі» тақырыбында бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті. Бастауыш онкүндігі аясында мектебімізде жүйелі жоспарға сай мазмұнды жұмыстар ұйымдастырылды. Онкүндіктің негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагогикалық тәжірибе алмасу, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Онкүндік барысында бастауыш сынып мұғалімдері тарапынан ашық сабақтар өткізіліп, заманауи білім беру технологиялары мен тиімді әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылды. Сабақтарда оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, белсенді оқыту, топтық жұмыс, ойын элементтері, пәнаралық байланыстар тиімді жүзеге асырылды.Атап көрсетсек: Ана тілі пәнінен «Отан. Жуан және жіңішке дауыстылар» тақырыбында 1 «Б» сынып мұғалімі С.Н.Айтуғанова, Әдебиеттік оқу «Зиянды әдеттен сақтан, Зиянды әдеттің әлегі» тақырыбында 2«А» сынып, мұғалімі А.Е.Кушикбаева, математика пәнінен «5-ке көбейту және бөлу» тақырыбында 2«В» сынып, мұғалімі М.С Сапарова, «Есептеу.Қорытындылау» тақырыбында 3«Ә» сынып, мұғалімі М.С.Бултекова, «Логикалық есептер» тақырыбында 4 «Ә» сынып, мұғалімі Ж.Ж Умирзакова, дүниетану пәнінен «Дұрыс тамақтана біл» тақырыбында 2 «Б» сынып, мұғалімі А.Е.Қалуова, Қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» тақырыбында 2 «Ә» сынып, мұғалімі Р.Ә.Ахметова, «Септік жалғауының емлесі» тақырыбында 4«В» сынып, мұғалімі Ш.Б Изтлеуова, «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыбында 3 «А» сынып, мұғалімі М.М Сейтенова ашық сабақтар өткізді.
Сонымен қатар, тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар, пәндік сайыстар, көрмелер мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. 1-сыныптар арасында «Өнерлі елдің -оты сөнбес» тақырыбында «ЖИ көмегімен ертегі ойлап көрейік» ертегіден көріністер жүргізген М.У.Кузембаева және А.М.Сартова, Математика-ақыл-ой алаңы» тақырыбында «Математика және ЖИ» 2 сыныптар арасында ойынды 2 сынып мұғалімдері бірлесе отырып жүргізді, 3 сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық сайыс «Болашаққа қадам: ЖИ және бала қиялы» «Қызық екен» тақырыбында Т.Ж.Айтжанова өткізсе, 4 сыныптар арасында «Ғажайыптар алаңы» тақырыбында ойын сайысын А.Т.Тұрлыбекова жүргізіп, «Мен шапшаң оқимын» 1- сыныптардан оқу техникасы алынды.
«Ұстаздық шеберлік-білім мен жүректің үйлесімі...» Шығармашылық күн белгіленіп, «Шәкірттермен өрілген шежірелі 40 жыл» тақырыбында ұлағатты ұстаз Л.А.Абилова мен «Ұстаздық ұлы жолға-30 жыл» тақырыбында үлгілі ұстаз Б.С.Тұманбайдың іс-тәжірибесі мен
ұстаздық жолынан сыр шертер әдемі шара өтті, шараны М.С.Бултекова мен А.У.Ермекбаева жүргізді, шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, қатысып, ұстаздардың түлектері тосын сый жасады.
Жас мамандар үшін онкүндік кәсіби қолдау алаңы болып, тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін көруге, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берд . Жас мамандар А.Қалидоллаева, А.Шотыбаева, А.Уразова бірлесе отырып, көңілді үзілістер ұйымдастырды, апталықтың ашылуына, жабылуына мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Г.М.Бакешовамен бірге жауапкершілікпен қатысты.
Мектепалды даярлық сыныбында мұғалімдері М.У.Ермекбаева, Ж.Ж.Аязбай "Отбасы -бақыт аясы" отбасылық ән байқауын Мұкағали Мақатаевтің 95 жасымен сәйкестендіре отырып, тәрбиелік тағылымы мол шараны «Маршак» кітапханасының акт залында өткізді.
Онкүндік аясында өткізілген әрбір іс-шара бастауыш білімнің маңызын айқындап, ұстаздардың шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігін көрсетті. Мұндай жүйелі жұмыстар бастауыш білім сапасын арттыруға, білім алушылардың тұлғалық дамуына берік негіз қалайды.
Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі: Бултекова Мейрамгуль Салыковна
Бөлісу