Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

Болашаққа бағыт: колледжбен байланыс – кәсіби бағдардың кепілі

Басты бет / Оқу-тәрбие іс-шаралары
Image

Болашаққа бағыт: колледжбен байланыс – кәсіби бағдардың кепілі

13     01 ноября 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар” жылы деп жариялады. Осы бастама аясында №33 ҚОЖББМ Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжімен меморандумға отырды. 2025 жылдың 23 қазан күні кәсіби бағдар беру жұмысы аясында №33 ҚОЖББМ мен Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжі арасында біріккен іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға «Бейіндік мектеп» 9-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандық туралы көзқарасын кеңейту, ақпараттық технологиялар саласымен таныстыру және нақты тәжірибелік бағыт беру. Кездесуді колледж директоры Т.М. Туремурат ашып, оқу орнының мамандықтары, оқу процесі, студенттерге арналған мүмкіндіктер туралы толыққанды ақпарат берді. Ол өз сөзінде заманауи технологияларды меңгерген, белсенді әрі мақсатшыл жастардың қоғамда сұранысқа ие екенін атап өтті. Бұдан кейін колледж оқытушылары Насыбулин А.Е. және Жанбырбаев С.М. оқушыларға арнап шеберлік сабақтар өткізді. Атап айтқанда:

  • «Бағдарламалауға алғашқы қадам. Python тілі» сабағында оқушылар қарапайым код жазып көру арқылы бағдарламалаудың логикасымен танысты.
  • IT қауіпсіздік: «Кибербуллинг және интернеттегі қауіпсіздік» сабағында интернеттегі қауіп-қатерлер, ақпаратты қорғау жолдары, цифрлық мәдениет туралы мағлұмат берілді. Шеберлік сабақтар оқушылардың заманауи технологияларды меңгеріп, мамандық таңдауына мүмкіндік береді.

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2025. Құрастырған: Rbukataev