Бракераж комиссия мүшелері асхана жұмысын тексерді
15
24 сентября 2025
Мектеп асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелері құрылған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің және дайын тамақтың сапасын тексерді, санитарлық талаптарға сай болуын үнемі қадағалайды. Тексеріс барысында анықталғаны: асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификаттары бар. Мектепте тамақтандыру бойынша күнделікті ас мәзірі бекітіліп, жас ерекшеліктеріне сәйкес нормасы дұрыс беріліп отырады. Оқушылар белгіленген уақыт кестесі бойынша тамақтанады. Асханада мектеп әкімшілігінен және мұғалімдерден кезекшілік құрылып мектеп директорымен бекітілген. Ас блогы және асхана іші тазалығы сақталған.