2026 жылдың қаңтар айындағы тамақтануға мониторинг жасап, бракераждық комиссия мүшелері тексеріс жүргізді.
Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру жүргізілді. Тексеру барысында асхананың жалпы тазалығы, ас дайындау және тағам тарату аймақтарының санитарлық талаптарға сәйкестігі, ас үй жабдықтары мен ыдыстардың тазалығы, залалсыздандырылуы қаралды. Азық-түлік өнімдерінің сақтау мерзімі мен сақтау шарттары санитарлық нормаларға сай екені анықталды. Асхана қызметкерлерінің жеке гигиена талаптарын сақтауы тексерілді.