Мектебімізде «Дарындылар – болашақ ел мақтанышы» тақырыбында дарындылар шеруіне арналған салтанатты жиын өтті. Аталған шараның мақсаты – 2025–2026 оқу жылында білім, өнер, спорт және қоғамдық жұмыстарда жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларды марапаттап, олардың еңбегін дәріптеу.
Салтанатты жиынға арнайы қонақ ретінде ардагер ұстаз Есенғали Бауыржан Жағыппарұлы қатысып, жас ұрпаққа жүрекжарды тілегін арнады. Ұстаз өз сөзінде білім мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, оқушыларды еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа және елге қызмет етуге шақырды. Тағылымды әңгіме мен ақ батасын оқушылар ерекше ықыласпен қабылдады.
Шара барысында 2025–2026 оқу жылында түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорттық жарыстарда және шығармашылық байқауларда жүлделі орын иеленген мектеп мақтаныштары марапатталды. Оқушыларға алғыс хаттар мен дипломдар табысталып, олардың жетістіктері көпшілік алдында насихатталды.
Сонымен қатар мерекелік кеште өнерлі оқушылар ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Дарынды шәкірттердің жетістігі – ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің нәтижесі екені ерекше атап өтілді.
Дарынды жастар – еліміздің жарқын болашағы, тәуелсіз елдің тірегі. Осындай талантты оқушыларымыздың саны артып, алар асулары биік болсын!