Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

Дефектологтың түзету сабағы – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдаудың негізі

Басты бет / Іс-шаралар
Дефектологтың түзету сабағы – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдаудың негізі

Дефектологтың түзету сабағы – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдаудың негізі

16     08 апреля 2026

Мектеп дефектологы Шотыбаева Айнур Кенескызы білім беру ұйымының мұғалімдерімен жүйелі түрде әдістемелік және кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен тиімді жұмыс ұйымдастыруға педагогтарға қолдау көрсету және оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру.

Жүргізілген жұмыстардың бағыттары:
• мұғалімдерге оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері туралы түсіндірме беру;
• оқу процесін бейімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсыну;
• түзете-дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдерімен таныстыру;
• сабақ барысында қолданылатын тиімді педагогикалық технологиялар бойынша кеңес беру;
• қиындық туындаған жағдайларда жеке консультациялар өткізу.

Сонымен қатар, дефектолог мұғалімдермен бірлесе отырып оқушылардың даму динамикасын талқылап, оқу жетістіктерін арттыру жолдарын қарастырды. Педагогтарға оқытуда саралап оқыту, көрнекіліктерді тиімді пайдалану, ойын элементтерін енгізу сияқты әдістерді қолдану ұсынылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мұғалімдердің ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасау біліктілігі артты, оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану деңгейі жақсарды.

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2026. Құрастырған: Rbukataev