Дұрыс тамақтану ережелері туралы жарнамалық брашюралар таратылды
10
20 октября 2025
Оқушылардың денсаулығын сақтау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында дұрыс тамақтану ережелері жайлы жарнамалық брашюралар дайындалып, оқушылар мен ата-аналарға таратылды.
Брашюраларда күнделікті дұрыс әрі теңгерімді тамақтану тәртібі, пайдалы және зиянды тағам түрлері, сонымен қатар, судың маңыздылығы мен дәрумендерге бай азық-түліктер туралы пайдалы ақпараттар қамтылды. Сонымен қатар, фаст-фуд өнімдерінің ағзаға тигізетін кері әсері де нақты мысалдармен көрсетілді.
Бұл шара салауатты өмір салтын насихаттау және балалар арасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.