Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

“Этно брошь – ұлттық нақыш пен нәзіктіктің үйлесімі” атты шеберлік сағаты өтті

Басты бет / Іс-шаралар
“Этно брошь – ұлттық нақыш пен нәзіктіктің үйлесімі” атты шеберлік сағаты өтті

“Этно брошь – ұлттық нақыш пен нәзіктіктің үйлесімі” атты шеберлік сағаты өтті

22     28 апреля 2026

“Шабыттың үш шыңы: Өнер. Спорт. Музыка” эстетика пәндері бірлестігінің апталығы аясында “Этно брошь – ұлттық нақыш пен нәзіктіктің үйлесімі” атты мұғалімдерге арналған шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағатының басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дәріптеу, заманауи үлгіде қолдану жолдарын көрсету және мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Іс-шара барысында қатысушыларға этно брошь жасаудың кезеңдері түсіндіріліп, ою-өрнектердің мән-мағынасы кеңінен таныстырылды.

Практикалық бөлімде ұстаздар түрлі материалдарды пайдалана отырып, өз қолдарымен әсем брошь бұйымдарын жасап көрді. Әр қатысушы өз қиялы мен талғамына сай ерекше туынды дайындап, ұлттық нақышты заманауи стильмен үйлестіре білді.

Шеберлік сағаты шығармашылық атмосферада өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды насихаттауға да үлкен үлес қосады.

Іс-шара соңында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, дайын бұйымдарын таныстырып, өзара пікір бөлісті.

Көркем еңбек пәні мұғалімдері: Касангалиева Альбина, Сейдилдин Ерлан. WhatsApp Image 2026-04-28 at 14.21.27.jpeg WhatsApp Image 2026-04-28 at 14.20.15.jpeg

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2026. Құрастырған: Rbukataev