Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

Фаст-фуд өнімдерінің зияны және көкөніс-жемістердің пайдасы туралы кездесулер өтті

Басты бет / Мектептегі тамақтану
Image

Фаст-фуд өнімдерінің зияны және көкөніс-жемістердің пайдасы туралы кездесулер өтті

8     19 октября 2025

06.10.2025 жылы Ақтөбе қаласының №33 ҚОЖББ мектебінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында денсаулық сақтау саласының мамандардың қатысуымен фаст-фуд өнімдерінің адам ағзасына тигізетін зияны және көкөніс-жемістердің пайдасы туралы ақпараттық кездесулер ұйымдастырылды. Мектеп медбикесі Кульманова З.Г. және №3 қалалық емханасының балалар дәрігері Төлегенова Р.Ә. фаст-фуд өнімдерінің құрамында денсаулыққа зиянды транс майлар, консерванттар мен қант мөлшерінің көп болатынын атап өтті. Мұндай тағамдарды жиі тұтыну семіздікке, жүрек-қан тамырлары ауруларына, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына әкелетіні туралы ескертіп айтты. Сонымен қатар, оқушылар көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына оң әсер ететіні туралы хабарлама алды. Мамандардың айтуынша, бұл өнімдер ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдарға бай болып келеді. Олар иммундық жүйені нығайтып, созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Кездесу соңында қатысушыларға дұрыс тамақтану қағидалары бойынша кеңестер беріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. WhatsApp Image 2025-10-21 at 11.19.35.jpeg

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2025. Құрастырған: Rbukataev