Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

Хабарландыру

16     09 сентября 2025

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (білім Министрінің бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123, ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы) бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес Ақтөбе қаласы «№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру үшін, оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды. Қамқоршылық кеңестің құрамына:

  1. мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
  2. педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
  3. жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
  4. үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
  5. қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
  6. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
  7. өтініш (еркін түрде);
  8. үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  9. қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  10. білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  11. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді. Қамқоршылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Заңының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі 51-бабы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кірмейді. Ақтөбе қаласы Астана ауданы «№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ мекен-жайына ұсыныс жолдау mektep33aktobe@yandex.kz (Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91, байланыс телефоны: 8 (7132) 46-76-06) тиісті құжаттарды қоса бере отырып, ресми ресімделген түрде табыс етіледі.

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2025. Құрастырған: Rbukataev