Мектебімізде10.10.2025 жылы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Күзгі АСАР" қайырымдылық жәрмеңкесі биыл да жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға 1–11 сынып білім алушылары белсене қатысып, өз қолдарымен әзірлеген тағамдар ұсынды.
Жәрмеңке барысында жиналған қаражат жетім балалар мен қамқорынсыз қалған білім алушылардың банк есепшоттарына аударылды. Бұл игі шара балалардың мейірімділікке, жанашырлыққа және жауапкершілікке тәрбиеленуіне үлкен ықпал етті.
Мектеп әкімшілігі қайырымдылық шарасына белсене қатысқан барлық оқушылар мен олардың ата-аналарына шынайы алғысын білдіреді.