Мектеп логопеді Уразова Ақырыс баланың сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар жүргізеді. Артикуляциялық, тыныс алу және дыбысты дұрыс айтуға арналған ойындар арқылы балалардың сөйлеу дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, әр баламен жеке жұмыс жүргізіп, оның сөйлеу ерекшелігіне сай әдіс-тәсіл қолданады. Мұндай жұмыс баланың өзіне деген сенімділігін арттырып, мектептегі үлгеріміне оң әсер етеді. Дефектолог пен логопед – ерекше білім алушылармен жұмыс істейтін мамандар. Логопед сөйлеу тілін дамытуға көңіл бөлсе, дефектолог баланың жалпы даму ерекшеліктеріне сай оқыту мен түзету жұмысын жүргізеді. Екеуінің мақсаты – баланың әлеуетін ашып, толыққанды білім алуына қолдау көрсету. Мектеп логопеді Уразова Ақырыс Асхатқызы мен мектеп дефектологі Шотыбаева Айнұр Кеңесқызы "Көңілді үзілістер" ұйымдастыруда.