Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

«Ұлттық құндылықтарды заманауи біліммен ұштастыру» тақырыбындағы облыстық шығармашылық топтың ашылу семинары

Басты бет / Сабақтастық-ортақ мақсат
Image

«Ұлттық құндылықтарды заманауи біліммен ұштастыру» тақырыбындағы облыстық шығармашылық топтың ашылу семинары

41     19 января 2026

Ақтөбе қаласындағы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтымен 2025-2026 оқу жылында ынтымақтастық «Меморандум» негізінде «Ұлттық құндылықтарды заманауи біліммен ұштастыру» тақырыбында 2025 жылдың желтоқсан айының 29-ы күні бастауыш сынып мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топтың ашылу семинары өткізілді. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, заманауи білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы рухани-мәдени тәрбие беру, ұлттық болмыс пен жаңашылдықты үйлестіретін оқу ортасын қалыптастыру. Облыстық шығармашылық топтың ашылуына семинар-практикум ұйымдастырылып, мектеп мұғалімдері өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Өткізілген семинар-практикумға қала, аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысым жасады. Семинарда бастауыш класс мұғалімдері ұлттық құндылықтардың тех¬нологияларының озық үлгіле¬рін енгізу маңыздылығын, түрлі цифрлық платформаларды қолдану тәжірибелерін көрсетті. Семинар 3 бөліктен: ұйымдастыру бөлімінде таныстыру тренингімен басталып, семинардың ашылуында Ж.К.Касымов -мектеп директоры пен К.Ж.Рахатова – «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі сөз алды. теория бөлімі – «Ұлттық құндылықтар -педагогикалық үдерістің тұтас негізі» И.К Тормантаева-Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары «Ұлттық құндылық – ұлт рухының тірегі: бастауыш білім беру мазмұнында қолдану жолдары»Г.М Бакешова - директордың бастауыш кластар жөніндегі орынбасары ақпарат берсе, «Ұлттық мазмұндағы көркем мәтіндер арқылы тәрбие беру» Бултекова Мейрамгуль Салыковна, Турлыбекова Ардак Тажитаевна №33ҚОЖББМ, «Салт-дәстүр элементтерін пәндермен ықпалдастыру әдістері» туралы Абилова Луна Акказиевна , Сейтенова Мейрамгуль Маркабаевна. №33ҚОЖББМ «Ұлттық ойындарды оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары» Тұманбай Бакытгул Сахиқызы, Сартова Асия Мусаевна №33ҚОЖББМ 3-топпен шығармашылық жұмыс жасалды. «Сіздің пікіріңіз-біз үшін құнды» топ мүшелерімен кері байланыс беру жұмысы жасалды. Рефлексия: «Жаңа жылға жақсы тілек» М.С Бултекова бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі жасады. Семинар соңында кері байланыс жасалып, қатысушылар алған әсерлерімен, алған тәжірибелері туралы пікірлерімен бөлісті.

Директордың бастауыш кластар жөніндегі орынбасары: Г.М.Бакешова

whatsapp-image-2026-01-19-at-172524-3.jpeg WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.25.24.jpegwhatsapp-image-2026-01-19-at-172524-2.jpeg WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.25.23.jpeg whatsapp-image-2026-01-19-at-172523-1.jpeg whatsapp-image-2026-01-19-at-172524-1.jpeg

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2026. Құрастырған: Rbukataev