Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді

Басты бет / Іс-шаралар
Нет изображения

"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді

26     09 февраля 2026

   06.02. күні 5-10 класс ер балаларының қатысуымен қазақ поэзиясының биік шыңы ,лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 95 жыл толуына арналған "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты:ақын поэзиясын жасөспірімдер арасында ұлықтау ; өлең құдіретін түсініп,ақын шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; рухани мәдениетті тұлға тәрбиелеу;
 Байқаудың ерекшелігі, ер балалардың арасында өткізілуі екендігіне назар аударылды.Бұл- жан мұңы мен құдіретті сөз өнерін сырлы поэзия тілімен шебер қиюластырып,мұзарт шыңдардың мұзбалағына айналған аңыз адамның рухына көрсетілген құрмет.Ақынның өлең әлеміндегі сәуле ғұмырының мәңгілік екендігін байқауға қатысушылар әр түрлі тақырыпта жазылған өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу арқылы көрсетті.Байқау барысында ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.Байқауда мәнерлеп оқуымен ерекшеленген қатысушылар жүлделі орындарға, белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттарға ие болды.
Ұйымдастырған: Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі.

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2026. Құрастырған: Rbukataev