Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

Мектебімізде ЕББҚ оқушылармен жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде

Басты бет / Іс-шаралар
Мектебімізде ЕББҚ оқушылармен жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде

Мектебімізде ЕББҚ оқушылармен жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде

17     27 апреля 2026

Мектебімізде психологиялық қолдауды қажет ететін оқушылармен (ЕББҚ) оқушылармен жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта мектеп психологтары Б. Қ. Мырзаханова мен А. М. Мадешова арнайы түзету-дамыту сабағын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың психоэмоционалдық жағдайын жақсарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұсақ моторикасын жетілдіру және өз-өзіне деген сенімділігін арттыру болды. Сабақ барысында түрлі арт-терапиялық әдістер кеңінен қолданылды.
Оқушылар бояу, сурет салу, түрлі-түсті элементтерді сәйкестендіру, мозайка құрастыру және ермексазбен жұмыс жасау арқылы өз ішкі сезімдерін еркін жеткізе алды. Мұндай тапсырмалар балалардың зейінін шоғырландыруға, ойлау қабілетін дамытуға және эмоцияларын реттеуге оң әсерін тигізеді.

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2026. Құрастырған: Rbukataev