Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

«Мектеп аруы – 2026» байқауы

Басты бет / Іс-шаралар
«Мектеп аруы – 2026» байқауы

«Мектеп аруы – 2026» байқауы

14     23 февраля 2026

13 ақпан күні мектебімізде 9–10 сынып қыз балалары арасында «Мектеп аруы – 2026» байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – қыз балалардың бойындағы табиғи сұлулық пен парасаттылықты, білімділік пен өнерпаздықты ұштастыра отырып, қазақ қызына тән әдептілік, инабаттылық, көрегендік қасиеттерін насихаттау. Сонымен қатар қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру және жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу көзделді.

Байқау барысында арулар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін, тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін байқатып, көрермендер мен әділқазылар алқасының ықыласына бөленді.

Әділ қазылар шешімі бойынша:

Бас жүлде – Ғалимолла Ұлболсын (10 «А») І орын – Жәнібекқызы Жанерке (10 «Ә») ІІ орын – Хамза Гүлсая (9 «А») ІІ орын – Тулеус Назира (9 «Ә») ІІІ орын – Аманғос Аделя (9 «Б») ІІІ орын – Екеш Жұлдызай (10 «Б») иеленді.

Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Бас жүлде иегері Ғалимолла Ұлболсын алдағы уақытта өтетін қалалық арулар сайысына жолдама алды. Мектеп намысын абыроймен қорғап, биік белестерден көрінуіне тілектеспіз!

whatsapp-image-2026-02-25-at-092427-1.jpeg WhatsApp Image 2026-02-25 at 09.24.27.jpeg WhatsApp Image 2026-02-25 at 09.24.26.jpeg whatsapp-image-2026-02-25-at-090935-1.jpegWhatsApp Image 2026-02-25 at 09.09.36.jpeg

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2026. Құрастырған: Rbukataev