Мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар
25
17 сентября 2025
2025 жылғы 2 қыркүйек пен 26 желтоқсан аралығында мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025-2026 оқу жылында әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 1–4 сынып білім алушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымша негізінде, сондай-ақ Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Б. Күзембаева мен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. А. Аманжұловамен бірлесіп бекітілген 4 апталық ас мәзірі бойынша мектепте тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Мектебімізде:
• І кезеңде (1 және 4 сыныптар) – 172 білім алушы,
• ІІ кезеңде (2 және 3 сыныптар) – 147 білім алушы,
• Барлығы 1–4 сыныптар бойынша – 319 білім алушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Сонымен қатар, "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметі аясында 5–11 сынып аралығындағы 23 жекелеген санаттағы білім алушыға да тегін ыстық тамақпен қамту қызметі көрсетілді.
Тамақтандыру жұмыстары барысында, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, Бракераждық комиссия құрамын құру туралы бұйрықтар шығарылып, жұмыстар жүргізілуде.