Мектеп дефектологінің жұмысы — ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен түзету-дамыту бағытында жүргізіледі.
9
17 октября 2025
Оқушылардың дамуындағы ауытқуларды ерте анықтайды (сөйлеу, есту, көру, интеллект, мінез-құлық т.б.).
Арнайы бағдарламалар бойынша түзету сабақтарын өткізеді.
Мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес береді.
Психолог, логопед, әлеуметтік педагогпен бірлесіп жұмыс жасайды.
Әр оқушыға жеке даму жоспарын жасайды.
Мектебіміздің дефектологі Айнұр Кеңесқызы Шотыбаеваның да
мақсаты — баланың мүмкіндігін барынша ашып, білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Өз сабақтарында қолданған тәсілдерінің бірі-ойната отырып таныту. Оқушылардың сезу (тактильдік) қабілеттерін дамыту, әртүрлі заттардың қасиеттерін (жұмсақ, қатты, тегіс, бұдырлы т.б.) ажыратуға үйрету.
Сонымен қатар, ұсақ моторикасын, зейінін, есте сақтауын және сөйлеу тілін жетілдіру.