Мектеп лигасы аясында №63 мектепте 5–6 сынып ер балалар арасында микротоп бойынша футбол жарысы өтті.
Аталған жарысқа мектебіміздің оқушылары да белсене қатысып, өздерінің ептілігі мен шеберліктерін көрсетті. Ойындар тартысты өтіп, жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін байқатты.
Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты қалыптастыру.
Осындай спорттық шаралар оқушылардың дене дайындығын нығайтып қана қоймай, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты дамытуға үлкен үлес қосады. Жетекшісі: Назарбеков Ерасыл Жарқынбекұлы