Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

«Мектепке саяхат» шарасы өткізілді

Басты бет / Іс-шаралар
«Мектепке саяхат» шарасы өткізілді

«Мектепке саяхат» шарасы өткізілді

29     13 апреля 2026

№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің мектеп пен балабақша сабақтастығы аясында жұмыс жоспарына сәйкес №44 «Тұлпар» балабақшасының бүлдіршіндері мектепалды топ балалары мектепке саяхат жасап, «Мектепке саяхат» шарасы өткізілді.
Мақсаты: : Балалардың мектеп туралы түсінігін кеңейту, мектепке қызығушылығын арттыру. Бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің, ата-аналардың бірінші сыныпта білім алушыларының табысты бейімделуі, оқуы үшін жағдай жасау жөніндегі күш-жігерін біріктіру, бірлескен сыныптан тыс іс-шаралар өткізу.
2026 жылдың 10 сәуір күні №44 «Тұлпар» балабақшасының тәрбиеленушілерін №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебіне экскурсияға алып келді. Бұл экскурсия мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балалар үшін, екінші үйі «мектеп» екенің балаларға түсіндіру және мектеп өмірімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. . Экскурсия барысында балабақша тәрбиеленушілерін директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Г.М.Бакешова күтіп алып, мектеп кітапханасымен, спортзалмен, мектеп асханасымен таныстырды. Мектеп кітапханашысы М.Ж. Аязбаева кітап әлеміне саяхат жасап, жаңа кітаптармен таныстырды, балалар өздерінің жаттаған өлеңдерін жатқа айтып берді. Балалар бастауыш сынып оқушыларының сабақтарына қатысты.

WhatsApp Image 2026-04-13 at 17.10.05.jpeg whatsapp-image-2026-04-13-at-171004-1.jpeg whatsapp-image-2026-04-13-at-171004-3.jpeg whatsapp-image-2026-04-13-at-171004-2.jpeg whatsapp-image-2026-04-13-at-171004-5.jpeg whatsapp-image-2026-04-13-at-171004-6.jpeg WhatsApp Image 2026-04-13 at 17.10.04.jpeg

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2026. Құрастырған: Rbukataev