№25, 63, 30, 29, 33 мектептердің 5–6 сынып ер балалары арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Аталған жарысқа қатысушылар өзара бақ сынап, шеберліктері мен ептіліктерін көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша 33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен жүйелі дайындығының нәтижесі.
Жетекшісі: Сабыржанов Айбол.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!