Бүгін мектеп психологтары Б.Қ.Мырзаханова мен А.М.Мадешова 11-сынып оқушыларымен «Армандар картасы» арт-терапиялық жұмысын өткізді.
Әр оқушы өз мақсаттарын айқындап, болашаққа деген армандарын бейнелеп, жүрек қалауын қағаз бетіне түсірді. Бұл жұмыс — тек сурет емес, бұл — өзіңе сену, мақсат қою және сол арманға алғашқы қадам жасау.
Армандар картаcы арқылы оқушылар:
🔹 Болашақ мамандығын елестетті
🔹 Өмірлік мақсаттарын анықтады
🔹 Өзіне деген сенімділігін арттырды
✨ Әр арман — орындалуға лайық! Ең бастысы — сену және әрекет ету!