Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі өз іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында ашық сабақ өткізді
20
04 февраля 2026
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, педагогикалық еңбек өтілі 35 жыл," Жас маман" клубының жетекшісі ретінде өз іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін көрсету және педагогикалық тәжірибе алмасу болды. Сабақ барысында мұғалім заманауи педагогикалық технологияларды, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістерді тиімді қолданды. Теория мен практиканы ұштастыра отырып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Өткізілген ашық сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, жас мамандар тарапынан қызығушылық тудырды. Сабақ соңында талдау жүргізіліп, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, тәжірибеде қолдануға болатын нақты ұсыныстар алды.