Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!
17
10 февраля 2026
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос жұмыс орнына байқау өтетіндігін хабарлайды.
Мекен – жайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Дербісәлі Беркімбаев көшесі, 91
Телефон номері: 8713246-76-06
Электрондық пошта мекен-жайы: mektep33aktobe@yandex.kz
Бос лауазым атауы:
Аға тәлімгер, 1 бірлік уақытша бос жұмыс (декреттік демалыс орны) қабылдауға
Еңбекақы мөлшері:
Еңбек ақысы: – 100000 – 200000 ( жүз мың – екі жүз мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
Конкурсқа құжаттар тапсыру уақыты 2026 жылдың 12– 20 ақпан аралығы.
Конкурстық құжаттардың қаралу уақыты 2026 жылдың 23 -27 ақпан аралығы.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар https://hr-nobd.iac.kz/ модулі арқылы электронды түрде тапсырылады
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының 3-тарауы, 113-тармағы) көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып жолдай алады.
Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген)
Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат
Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
Болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат.
Негізгі функционалдық міндеттері:
2.1 ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. № 121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 14-параграф 92- тармағына сәйкес аға тәлімгерге қойылған талаптарына сүйене отырып
балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;
білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;
балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;
ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;
балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;
білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;
білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;
каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;
білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;
"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;
өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
Барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талап:
-тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Ақтөбе қаласы «№ 33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ақтөбе қаласы «№ 33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі лауазымдық қызметке конкурс жариялайды.
Лауазым атауы
Аға тәлімгер - 1 бірлік (уақытша бос орын) 100000 – 200000 (жүз мың – екі жүз мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
Мекеме атауы: Ақтөбе қаласы «№ 33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Д. Беркімбаев көшесі, 91 үй
Эл.поштасы: mektep33aktobe@yandex.kz
Телефон нөмірі: 8(7132) 46-76-06
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының 3-тарауы, 113-тармағы) көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып электронды түрінде жолдай алады. (педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі базасындағы "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде https://hr-nobd.edu.kz/)
Конкурсқа құжаттар тапсыру уақыты 2026 жылдың 12– 20 ақпан аралығы.
Конкурстық құжаттардың қаралу уақыты 2026 жылдың 23 -27 ақпан аралығы.