РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЛЕШМОБ: «МЕНІҢ МЕКТЕБІМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ»: БАЛАЛАР БІР ДАУЫСПЕН ҮН ҚАТТЫ
12
18 сентября 2025
19 қыркүйек күні №33 жалпы білім беретін мектепте Қазақстанның барлық өңірлерінде өткен «Менің мектебім буллингке қарсы» атты республикалық флешмобқа оқушылар белсенді қатысты. Бұл шара бұған дейін ұйымдастырылған «Менің сыныбым буллингке қарсы» челленджінің жалғасы әрі қорытындысы болды.
Іс-шараның мақсаты — мектеп оқушылары үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыру, буллингтің алдын алу, сондай-ақ достық пен өзара құрмет құндылықтарын насихаттау.
Шара барысында №33 мектептің 8–9 сынып оқушылары Президенттік оркестр орындаған «Рух» әнінің әуенімен флешмоб билеп, шығармашылық форматта буллингке қарсы өз үндеулерін жеткізді.
Балалардың бір дауыспен «Мектепте буллингке орын жоқ!» деп жариялауы – олардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, оқу ұжымындағы жылы қарым-қатынастың орнығуына ықпал етеді. Бұл бастама жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға қызмет етеді.Бұл флешмоб №33 мектеп оқушыларының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, сондай-ақ өзара сыйластық пен құрметті мектеп мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде орнықтыруға бағытталды.