Мектебімізде 12 наурыз күні онлайн форматында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтымен бірлескен семинар өткізілді.
Семинарды Ақтөбе қаласы №33 қазақ орта мектебінің директоры Ж.К. Касымов ашып, қазіргі білім беру жүйесіндегі ұлттық тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.
• Институттың аға оқытушысы, п.ғ.м. К.Ж. Рахатова мен директордың орынбасары Г.М. Бакешова кіріспе сөзінде МЖМБС талаптарына сай білім алушылардың бойында ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және сабақты зерттеу тәсілінің кәсіби шеберлікті арттырудағы рөлін атап өтті. Семинар барысында баяндамалар тыңдалып, практикалық жұмыстар көрсетілді: Ұ.Ы. Елеукенова (Шалқар ауданы) күнделікті сабақта мәтінмен жұмыс істеу кезінде ұлттық құндылықтарды кіріктірудің тиімді жолдарын көрсетті. Цифрлық шешімдер мен ЖИ: Л.Н. Сагинаева (№37 орта мектеп) Shyraq AI платформасын қолдану арқылы ұлттық мұраны заманауи форматта оқытудың ерекшеліктеріне тоқталды. Ал А.Ж. Килиева (№14 орта мектеп) Жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлауда қолданудың практикалық үлгілерін ұсынды. А.С. Еришова (Шалқар қаласы №6 ЖОББМ) білім алушыларға ұсынылатын мәтіндердің құндылықтық мазмұнына аналитикалық талдау жасау әдістемесін бөлісті.
Семинар соңында бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі М.С. Бултекова кері байланыс орнатып, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін жинақтады.