Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

Тіл мәртебесі– ел мәртебесі

Басты бет / Оқу-тәрбие іс-шаралары
Image

Тіл мәртебесі– ел мәртебесі

8     22 сентября 2025

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай Ақтөбе қаласы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 15- 19 қыркүйек аралығында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты тіл апталығы өткізілді.Апталық «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында әдеби – сазды кешпен ашылды. Кеш барысында оқушылар Абай, Ыбырай, Ахмет рольдерін сомдап, ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Тіл туралы ән де орындалды. 16.09 күні 3-класс оқушыларына «Тілім барда қазағым бар, халқым бар» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар тіл мәртебесі туралы өз ойларын айтты. Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Абай Кунанбаев – великий просветитель казахского народа» тақырыбында кластан тыс шара өткізіліп 8 «Ә», 10 «Б» кластары белсене қатысты. 17.09 күні 8 – 9 кластар аралығында «The Wisdom of Abai: Explorinq the Leqacy of a Great Kazakh Thinker» тақырыбымен викториналық ойындар ұйымдастырылып оқушылар ағылшын тілінен білімдерін жақсы деңгейде көрсете білді. 2 – класс оқушыларына «Ана тілім- айбыным» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып , ақын өлеңдерін мәнелеп оқып сайысқа түсті. Үзіліс кезінде тарих әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ойна да ойла» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен 18.09 күні 7 – клаас оқушыларына «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды ойын өткізіліп , оқушылар өте белсенділік көрсетті. Мектеп кітапханасында 10-11 класс оқушыларымен «Тілім менің -тірегім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 19.09 күні апталықтың жабылу салтанаты ұйымдастырылып белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. 02.jpg 01.jpg 04.jpg Изображение WhatsApp 2025-09-22 в 14.28.46_1458a588.jpg05.jpg 03.jpg

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2025. Құрастырған: Rbukataev