Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

Тыныс алу жаттығуларының бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілі мен оқу үлгеріміне әсері

Басты бет / Іс-шаралар
Тыныс алу жаттығуларының бастауыш сынып оқушыларының  сөйлеу тілі мен оқу үлгеріміне әсері

Тыныс алу жаттығуларының бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілі мен оқу үлгеріміне әсері

18     06 февраля 2026

Қазіргі білім беру үдерісінде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, оқу үлгерімін арттыру және әлеуметтік ортаға бейімдеу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сөйлеу тіліндегі бұзылыстар баланың танымдық дамуына, қарым-қатынас дағдыларына және мектепке бейімделуіне кері әсер етуі мүмкін. Осы тұрғыда логопедиялық түзетім-дамыту жұмыстарының тиімді әдістерін қолдану өзекті болып отыр.
   Мектеп логопед-мұғалімі Уразова Ақырыс Асхатқызы жүргізетін жүйелі түзетім-дамыту жұмыстары оқушылардың оқу үлгерімін арттыруға, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және олардың мектеп ортасына табысты бейімделуіне оң ықпал етеді.
   2026 жылғы 06 ақпанда логопед-мұғалім Ақырыс Асхатқызы 3 «Ә» және 3 «Б» сынып білім алушыларымен сабақ барысында тыныс алу жаттығуларын жүргізді. Бұл жаттығулар сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың танымдық дамуына, оқу жетістіктеріне және әлеуметтік ортаға бейімделуіне тікелей әсер етеді. Түзетім-дамыту жұмыстары жүйелі және бірізді түрде ұйымдастырылып, сабақ барысында келесі бағыттар қамтылды:

  • артикуляциялық аппаратты дамыту;
  • тыныс алу және дауыс жаттығуларын орындау;
  • дыбыстарды қою, автоматтандыру және ажырату;
  • сөздік қорды байыту;
  • грамматикалық құрылымды қалыптастыру;
  • байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

    Сөйлеу тіліне әсері:
  • сөйлеу кезінде тынысты дұрыс пайдалануға үйретеді;
  • дауыс күшін, ұзақтығын және тұрақтылығын арттырады;
  • дыбыстарды анық әрі таза айтуға көмектеседі;
  • сөйлеу қарқынын реттейді;
  • ұзақ сөйлемдерді бір деммен айту дағдысын қалыптастырады.

    Артикуляциялық аппаратқа әсері:
  • ерін, тіл және жақ бұлшықеттерінің жұмысын жеңілдетеді;
  • сөйлеу бұлшықеттерінің үйлесімді қозғалуын дамытады;
  • дизартрия, тұтықпа, ринолалия сияқты сөйлеу бұзылыстарында тиімді нәтиже береді.

    Психикалық процестерге әсері:
  • зейіннің тұрақтылығын арттырады;
  • есте сақтау қабілетін жақсартады;
  • баланы тыныштандырып, эмоционалдық кернеуді азайтады;
  • өзін-өзі бақылау және реттеу дағдыларын қалыптастырады.

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2026. Құрастырған: Rbukataev