Мектебімізде 5–6 сынып қызбалалары арасында волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Аталған спорттық шара оқушылардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Кездесу барысында жас спортшылар белсенділік танытып, ойынға деген құлшыныстары мен командалық бірліктерін көрсете білді. Тартысты өткен ойын көрермендерге ерекше әсер сыйлап, достық пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Осындай спорттық шаралар оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың денсаулығын нығайтуға және достық қарым-қатынасты дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Жетекшісі: Назарбеков Ерасыл