№42 мектеп пен №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі оқушылары арасында жолдастық кездесу өтті. Жарыс 7–8 сыныптың ер балалары арасында ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен спорттық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Іс-шара достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Ойын тартысты өтіп, нәтижесінде 33 мектеп командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.