№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі, №4 мектеп және №29 мектептің 5–6 сынып ер балалары арасында баскетболдан жолдастық кездесу өтті. Аталған спорттық шарада оқушылар өзара бақ сынап, командалық ойын мен спорттық шеберліктерін көрсетті.
Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, достық қарым-қатынасты нығайта білді. Мұндай жарыстар оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, ұйымшылдық пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Кездесу өте тартысты өтіп, екі команда да белсенділік танытты. Нәтижесінде №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің командасы 9:7 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс оқушылардың ұйымшылдығы мен дайындығының жоғары екенін көрсетті. Жетекшісі: Айдарбек Рауан